Біз туралы

ЖК "IBK" көрпе өндірумен және сатумен айналысады.


Жүннен, синтепоннан, мақтадан, шелкопрядтан, синтепухтан, т. б. материалдардан көрпе тігеміз. Жасауға, үйге, сыйлыққа бергенге көрпеге тапсырыс берсеңіздер болады. Оптом да, жекелей де сатамыз. Заманауи станоктар мен машиналармен тігеміз.

Сұрақтар мен жауаптар

Көрпе неден жасалады?

Көрпе — матаның арасына мақта, синтепон, жүн немесе басқа да мамық зат салып тіккен жамылғы не төсеніш. Ол жамылғы көрпе және төсеніш көрпе болып бөлінеді. Жамылғы көрпенің бір кісілік, екі кісілік, балаларға арналған түрлері болады.

Мақта көрпенің ерекшелігі.

Мақта ылғалды жақсы сіңіреді, бұл температураны реттеуге мүмкіндік береді, ұйықтап жатқан адамға қолайлы микроклимат жасайды. 100% табиғи болғандықтан, мақта жас балалар мен аллергиялық реакциялары бар адамдар үшін мүлдем қауіпсіз. Мақтаның артықшылықтарының бірі- электрленбейді, яғни статикалық электрлікті жинамайды.

Қой жүнінен жасалған көрпенің ерекшелігі.

Жүн көрпелер әрқашан құрғақ күйде болады. Мұндай заттар денсаулық үшін мүлдем қауіпсіз. Оларда шаң кенелері болмайды. Жылуды жақсы сақтап, ауаны жақсы өткізеді. Мұндай көрпелер емдік қасиетке де ие. Олардың құрамында (талшықтарда) қабынуға қарсы әсері бар ланолин бар. Ол терінің күйіне жақсы әсер етеді және қартаюға қарсы қасиеттерге ие.

Түйе жүнінен жасалған көрпенің ерекшелігі.

Түйе жүнінен жасалған көрпелердің басты артықшылығы - олардың тамаша терморегуляциялық функциясы. Жазда мұндай көрпенің астында ешқашан ыстық болмайды, ал қыста пайдаланушының жаурауына жол бермейді. Түйе жүнінен жасалған зат токсиндер мен электромагниттік өрістерді сіңіреді. Түйе жүні адамның жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Әрі қол аяғы қақсайтын адамдарға оң әсері бар.

Синтепон көрпенің ерекшелігі.

Қазіргі кезде ең көп тараған материал синтепон. Ол көп жерде қауырсін, жүн, мақта секілді жылулатқыштың орнын басты. Ұзаққа шыдайтын жеңіл әрі жылы, жұмсақ, жууға келетін курткалар, қыстық спорттық киімдер, көрпелер, матрасқа төсеніш, осының бәрі қазір синтепонмен тігіледі. Синтепонның артықшылықтары: жылуды жақсы сақтайды, ылғалды сақтамайды, формасын жоғалтпайды, жағымсыз иіс шығармайды, паразиттік микроорганизмдерді пайда қылмайды, өте жеңіл, аллергия туғызбайды, жууға келеді, 50 жылдан асық қызмет етеді.

Қандай көрпе таңдаған жөн?

Арасында жуып тұратын болсаңыз, синтепоннан жасалған көрпе таңдаған жөн. Және жылуымен қатар өте жеңіл көрпе іздесеңіз, синтепон көрпе жөн болады. Егер шаршауыңызды басатын табиғи көрпе іздесеңіз, мақтадан дұрыс болады. Емдік әрі жеңіл көрпе іздесеңіз, жүн көрпе жөн. Жаурағыш адамдарға ең дұрысы жүн көрпе.

Жасауға қандай көрпе алған дұрыс?

Жасаудың негізгі көрпесі екі жастың екі адамдық махаббат көрпесі. Көбіне екі жастың жолы ақ болсын деген ниетпен ақ түсті мата мен іші қой жүнінен жасалғанын алады. Қалған көрпелер мақтадан, синтепоннан бола береді.

Қандай жастық алған жөн?

Қазіргі заманда құс қауірсінінен жасалған жастықтар аз сұраныста, өйткені олардың жағымсыз иіс, тікені шығып тітіркендіру, аллергия шығару, қымбаттық, қандала мен басқа да зиянды микроорганизмдерді көбейту сияқты кемшіліктері бар. Серпінділігі, иіссіздігі, жууға жарамдылығы, аллергияны тудырмайтындығы бойынша қазіргі кезде заманауи толтырғыш холлофайбер мен синтепух артықшылықтарға ие.

Холлофайбер деген не?

Синтетикалық жолмен алынған мамық түйіршіктер. Бұнымен негізінен жастықтың ішін толтырады.

Бізге қоңырау шалыңыз, біз сізге көмектесеміз!

Whatsapp